Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Мекен – жайы: Байғанин ауданы, Қарауылкелді селолық округі,

Қарауылкелді селосы

Телефон/факс: 8713- 45- 22-2-03,23-1-35

E-Mail: Baiganinkitap@mail.ru

Сайт: http://www.bjka.kz

Кітапхана директоры: Тукенова Айгул Жамиевна

Кітапхана туралы қысқаша анықтама

  1. Ауданда алғаш рет кітапхана 1940 жылы аудандық халық ағарту бөлімі жанынан ашылып, 1946 жылы аудандық мәдениет бөліміне берілді. Алғаш кітапхана директоры болып Н.Төлегенова тағайындалды. 1963-1974 жылдары Н.Жалмағамбетова, 1974-1984 жылдары Қ.Жуканов, 1985-1999 жылдары Ж.Сұлтанова, 1999-2015 жылдары Б.Кенжебаева басқарды. 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Тукенова Айгул Жамиевна тағайындалды. 1965-66 жылдары кітапхана жүйесінің кітап қоры 25516 дана болып, 1940 оқырманға 10973 дана кітап берілімімен қамтылған. 1974 жылы кітапханаға орталықтандыру жүйесі енгізіліп, 1996 жылдары 36 кітапхана-филиалдары болды. 1997 жылдары оңтайландыру саясатына орай кітапханалар қысқартылып, 9 кітапхана болып қалды. 1999 жылдан бастап ауданда 11 кітапхана жұмыс жасаса, бүгінгі таңда 22 кітапхана аудан тұрғындарына рухани қызмет етеді. Оның ішінде 2 - балалар, 19 –селолық; оның ішінде 8 моделді ауыл кітапханасы), 1- орталық кітапхана. Кітапхана жүйесі 1999 жылдан бастап компьютерлендірілді. 2007 жылдан бастап кітапхана жүйесі ҚР Ұлттық Кітапханасының «РАБИС» бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модулдерімен жұмыс жасай бастады. Кітапхана жүйесінде 8 кітапхана – филиал «Жаңа үлгідегі моделді ауыл кітапханасы» статусына ие болды.

  2. 2015жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қоры 237826 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар - 153656 дана. Жыл ішінде 14346 оқырман (о.і. жасөспірімдер - 3685,балалар - 4190) кітапханаға тартылып, оларға 311547 «оның ішінде мемлекеттік тілде 294985 дана) кітап берілімін қамтыды. Аудан кітапханалары үшін 2015 жылы 75 аталымда (бағасы – 1347186-99 т) мерзімді басылымға жазылса , 2016 жылға аудан кітапханалары үшін 43 аталымда (бағасы – 1052064-54т) мерзімді басылымға жазылды Жыл ішінде оқырмандардың қатысымы 140624 болды. Кітапхана жүйесінде мемлекет пен қоғамда ел саясатын қолдау, Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, Елбасы Жолдауларын іске асыру, мемлекетіміздің Рәміздерін оқып үйрену және қолдану бағытында,жас ұрпақтар арасында ұлттық патриотизмді қалыптастыру және оқырмандарды кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызметпен қамтамасыз ету, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында түрлі мәдени шаралар өткізіп, кітап көрмелер ұйымдастырылуда. Жыл ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ел дамуына қатысты «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда : Өсім.Реформалар.Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам» «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты қазақстандықтарға әлемдік дағдарысты еңсеру жолдары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел экономикасын мен әлеуетін арттырып, қоғам өмірін рухани ізгілендіру бағытындағы нақты шараларды ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру мақсатында кітапханаларда «Қазақстан - 2050 ;Кемел болашақ бағдары», «Қазақстан - 2050 : Биік мақсаттар стратегиясы» тақырыптарында оқырмандар мен жұмысшы қызметкерлер арасында талқылаулар, «Елбасы Жолдауы - халық қолдауына ие» дөңгелек үстел сұхбаттары жастар арасында өтті. Сонымен бірге ақпараттық түсіндіру бағытында стенділер жасақталды.

  3. ҚР Рәміздер күніне аудандық орталық кітапханада «Мемлекеттік Рәміздер менің мақтанышым» атты балалар мен жасөспірімдер арасында танымдық әдеби сазды кеш, Байғанин , Жем, Жарқамыс,Жаңажол моделді кітапханаларында «Еліміздің Рәміздері тәуелсіздік кепілі», «Мемлекеттік Рәміздер мемлекет еркіндігі» , «Еліміздің Рәміздері мәңгілікә атты тақырыптарда шаралар өтті. Тұңғыш Президент күніне орай кітапханаларда «Ұлты ұлықтаған Ұлы тұлға», «Елбасы елінің өр тұлғасы» , «Елбасы және елі» тақырыптарында кітап көрмесі , «Болашақты болжаған кемел тұлға» , «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты апталықтар өткізілді. 2015 жыл ішінде елімізде аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы ұлт мемлекетінің мұрагері» апталық аясында «Қазақ хандығы ұлт тарихының бастауы» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Мәңгілік өшпес отты жылдар» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Байғанин ауданының майдангерлері туралы «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» batyrlar.blogspot.com. блогының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында «Конституция мәңгілік әділеттің қайнар көзі», Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіздік тірегі» кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылса, «Конституция тұрақтылығы қоғам тұрақтылығы» жастар арасында дөңгелек үстел сұхбаты өтті. Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясында кітапханаларда «2015 жыл Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылы», «Қазақстан достық пен бірлік мекені» атты кітап көрмелері ұйымдастырылса, «Қазақстан достық мекені» атты ауданда қоныс тепкен өзге ұлт өкілдері молдаван Анна Нөкісова, татар Харисов Әнуар Зарифұлы, украин Нелля Жолдасбаева, орыс Луниева Екатеринамен кездесу өтті Аудандық орталық кітапханада «Иманы күшті ел мықты» тақырыбында жиын,Жарқамыс моделді кітапханасында Дәстүрлі дінімізге жастардың көзқарасы» дөңгелек үстел өткізілді.

  4. «Аймақтың әдеби жобасы» аясында биылғы жылы ауданымыздың жерлес ұстаз, өлкетанушы, жазушы Бисен Жақановтың «Семей сапары», ҚР ІІ Министрлігіне еңбек сіңірген қызметкер Кеңшілік Сәттібайұлы Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен қызметі туралы жарыққа шыққан «Генерал Жұмабаев», журналист И.Сұлтановтың «Тау қараңғысы» кітабының таныстырылымы, ақын, ұстаз, әдебиетші жерлесіміз Бекес Сәуірбаевтың 80 жасқа толуына аудандық орталық кітапханада аудан көлемінде өткізілетін үлкен шара – ақынмен кездесу кеші «Бекес Сәуірбаев – 80 жаста» тақырыбымен әрі «Жусан исі» жыр кітабының тұсаукесерлері өтті. Жыл ішінде жүйе бойынша оқырмандардың күнделікті сұраныстарын, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Интернет жүйесін пайдаланушылар саны 9153, Орындалған сұраныстар саны – 54, оның ішінде қашықтағы – 4. Кітапхана жүйесінің http://bjka.kz/веб сайтын пайдаланушылар саны – 14660 , жүйе бойынша орындалған анықтама саны 2222 ОКЖ кітапхана веб сайтына «Жыр тамған жүрек», «Байғанин дарабоздары» «Жемнің қос жұлдызы», «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» блогтары енгізілді, және құжаттар мен әдебиеттермен толықтыру жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Кітапханада бүгінгі таңда өлкетану бағытында 42 кітап сандық жүйеге енгізілді.Кітапхана жүйесінде кітапхана ісін дамытудың барлық инновациялық саласынан хабардар ету мақсатында аудан кітапханашыларымен ауыл кітапханаларының библиографиялық жұмысын жақсарту, шығармашылық жобаларды ұсыну, кітап оқуды ілгерілету, жастар мен балаларды кітап оқуға тартудағы іс-тәжірибелерді сараптау, туған өлке тарихын зерделеуде жаңа жобаларды ұсыну, оқырман қызығушылығын арттыру және туған жер тарихы туралы танымын кеңейтуге бағытталған әдебиеттер мен деректер жинақтау, кітапханашылардың жаңа технологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауы, Ауыл кітапханасы:Рухани этностық құндылықтар.Толеранттылық» тақырыбында семинар кеңес өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратының көлемі – 1332.2 шаршы метр, дербес ғимаратта балалар кітапханасымен бірге орналасқан. Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі (абономент, 50 орындық оқу залы), балалар кітапханасы (абономент,30 орындық оқу залы), автоматтандыру, анықтама – библиографиялық, кітап қорын сақтау және жасақтау, кітапханаларды дамыту бөлімдері орналасқан. Кітапханада 11 компьютер (оның ішінде 2-уі Интернет жүйесіне қосылған), 3 көшірме құралы, 1 телефон - факс, теледидар, бейне магнитофон, бейнекамера, фотоаппарат жабдықтары бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі