Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Байғанин моделді ауыл кітапханасы


Мекен – жайы: Байғанин ауданы, Көлтабан селолық округі, Жарлы елді мекені

Телефон/факс: 8(71347) 25 4 32

Электронды пошта: zharlikitap@mail.ru

Инстаграм парақшасы: @baiganin_kitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Тажикова Жазира Қыдырбайқызы

Кітапхана туралы қысқаша анықтама

    Көлтабан селолық кітапханасының негізі 1965 жылы құрылды. 1965 жылы кітапхананың кітап қоры 3059 дана болып, 165 оқырманға 1161 дана кітап берілімін қамтамасыз етті. Кітапханашы – Абилханова Ж. 2009 жылдың қараша айынан бастап Жаңа үлгідегі Моделді ауыл кітапханасы статусына ие болды. 2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

    2018 жылы кітапхананың кітап қоры - 14775 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар -10392 дана. Жыл ішінде 1015 оқырманға 18752дана (оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар -13289 дана) кітап берілімін қамтамасыз етті. Келушілер саны -9781. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыруда 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. Жыл ішінде 5463 мерзімді басылым оқылды.

    Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» электронды каталогы қоры саны - 12449 –ды құрады. 2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 176 шара өткізіліп, 1928 адам қатысты. Кітапхана ауылдық мәдениет үйі ғимаратында көлемі 79.75 ш.м. бөлмеде орналасқан.

    Кітапхана меңгерушісі - Тажикова Жазира, кітапханашы- Шымбаева Нұрбақыт, арнаулы орта білімді кітапханашы мамандары. Тазалықшы штаты бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі