Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Байғанин моделді ауыл кітапханасы

Мекен – жайы: Байғанин ауданы, Көлтабан селолық округі,

Жарлы елді мекені

Телефон/факс: 8(71347) 25 4 32

Электронды пошта: zharlikitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Тажикова Жазира Қыдырбайқызы

Кітапхана туралы қысқаша анықтама

Көлтабан селолық кітапханасының негізі 1965 жылы құрылды. 1965 жылы кітапхананың кітап қоры 3059 дана болып, 165 оқырманға 1161 дана кітап берілімін қамтамасыз етті. Кітапханашы – Абилханова Ж.

2009 жылдың қараша айынан бастап Жаңа үлгідегі Моделді ауыл кітапханасы статусына ие болды.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры - 13697 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар -9427 дана. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыруда 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. Жыл ішінде 977 оқырманға 17374 дана кітап берілімін қамтамасыз етті. Келушілер саны -8964.

Бүгінгі заман талабына сай кітапхана компьютерленіп, 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды қоры саны - 8436 ға жетті. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған. Телефон нүктесі арқылы Интернет жүйесі жұмыс жасайды.

Кітапханада өскелең жастардың бойына отаншылдық, патроиттық сезімдерді қалыптастыру, оқырмандарға рухани қызмет ету, мемлекетіміздің саясатын қолдау, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды және Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын ақпарттық түсіндіру бағытында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл ретте кітапханада « Қазақстан - 2050: Биік мақсаттар стратегиясы» атты кітап көрмесі, стенд жасақталып, оқырмандар арасында «Жаһандық дағдарыстан шығу жолы – бірлік пен ынтымақтастықта», әңгіме өтті. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер» танымдық сағат , «Астана мәңгі қала асқақтаған» әдеби сазды кеш, «Ел тәуелсіздігі бабалар аманаты» тарихи патриоттық кештер ұйымдастырылды. Биылғы жылы аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойлары аясында : «Қазақ хандығы ұлт мұрагері» слайд шоу таныстырылымы, «Бабалар ерлігі мәңгі есте» кездесу кеші , «Конституция мемлекет тұрақтылығы» танымдық сағат, «Менің Отаным Қазақстан» атты тарихи сазды сағат өтті. «Жаңа кітаптар» тақырыптарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.

Жас талапкер ақындардың «Шабыт» қызығушылық клубы 2009 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге кітапханада ауыл тұрғындарын кітапхана қызметімен қамтудың тиімді әдісі оқырмандар , жанұя, мамандар картотекасы , мерзімді басылымдар картотекасы ұдайы жүргізілуде. Кітап көрмесіне арналған сөрелер, столдар, орындықтар, т.б. материалдармен қамтылды.

Кітапхана меңгерушісі- Тажикова Жазира, кітапханашы- Шымбаева Нұрбақыт, тазалықшы штаттары бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі