Сайт мәзірі
Free counters
|
|
Мәтбаева Назекен Маратқызы
06.12.1993 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қаражар елді мекенінде туған. Бала кезінен өлең жазғанды ұнатады. Өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық басылым беттерінде жарияланып жүр. 2015 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық универсиетінің «Кітапхана ісі» мамандығын үздік бітірген. 2016-2018 жылдары Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде әдіскер болып қызмет жасайды. 2016 жылы Ойыл ауданында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Жастар көктемі» аймақтық фестивалінде «Жұлдызды 25 кітап» виртуалды көрме жанры бойынша І Дәрежелі Дипломмен, 2017 жылы республикалық жас кітапханашылардың «Жас маман ғаламшары» видеороликтер конкрусында «Қазақстан-2050» жалпыұлттыұ қозғалысының «Ең үздік кітапханашы-2017» номинациясымен марапатталды, және Байғанин ауданының «Ең жас үздік қызметкер -2017» номинациясының иегері болып танылды.
Өзінің шығарашылық қырымен танылған Н.Мәтбаева 2016 жылы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында ұйымдастырылған «Дала сазының дарабозы» атты Е.Дүйсенбайұлы атындағы жазба ақындар мүшәйрасының 3-орын жүлдегері. Өлеңдері Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың және облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының құрастырған «АҚ АЙДЫН» жас таланттар шығармаларының жинағына, Байғанин ауданының 90 жылдығы аясында жарыққа шыққан «Жем-Сағыз ақын-жазушылар антологиясына» енді.
| |