Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Әбдіғалиева Жұлдыз Рафиқұлқызы

      Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында 1994 жылдың 5 қыркүйекте дүниеге келген. Жарқамыс орта мектебін бітірген. 2006 жылдан бастап дзюдо күресіне қатысып, жаттықтырушысы Нұрлыбек Бурабайдан аталмыш спорттың қыр – сырын меңгере бастады. Жұлдыз 2007 жылдан бастап облыстық чемпионаттарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2007 жылы Қызылорда қаласында өткен ашық біріншілікте ІІІ орын, 2009 жылы самбо күресінен де республикалық чемпионатта 44 кг салмақта – І орын, 2010 жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында ІІ орынды иемденіп, күміс медальды қанжығалады. 2011 жылы ҚР Чемпионатында 48 кг. салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 2012 жылы Талдықорған каласында өткен самбо күресінен жастар мен қыздар арасында ҚР Чемпионатында 48 кг. салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. 2012 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп, Ақтөбе қаласындағы ауылшаруашылық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінде білім шындады. Колледж қабырғасында жүріп, спорттың бірнеше түрінен жарыстарға қатысып жүрді. Оқушы кезіндеде, студент кезінде де күрес түрлерінен өзге волейбол, жүгіру, қол күрес,жеңіл атлетика сынды спорттың бірнеше түріне қатысып, спортты жанына серік еткендіген байқатты.

      2013 жылы Семей қаласында өткен самбо күресінен ҚР Кубогында 48 кг. салмақ дәрежесінде күресіп, ІІІ орын, 2014 жылы ерлер және әйелдер арасында өткен Қазақстан Чемпионатында 52 кг. салмақ дәрежесінде ІІ орын, 2015 жылы Талдықорған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында ІІІ орын иеленді. 2015 жылы Ауылшаруашылық колледжіннен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын меңгеріп шықты. Білімін жетілдіру мақсатында Батыс Қазақстан облысындағы инновациялық технология университетіне сырттай бөлеімге оқуға қабылданды. 2015 жылдың қыркүйек айында «Байғанин балалар – жасөспірімдер спорт мектебі » КММ – ге дзюдо спортынан жаттықтырушы болып жұмысқа орналасты. 2016 жылы Атырау қаласында өткен самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне және «Отбасы күні» құрметіне арналған «Денсаулық фестивалі - 2016» 1600 метр қашықтыққа жүгіруден І орынға, 2017 жылы «Ақтөбе-құтты мекен» республиқалық форум құрметіне орай «Аудандық денсаулық фестиваль -2017» 1600 метр қашықтыққа жүгіруден І орынға ие болды. 2017 – 2018 жылдары облыстық чемпионаттарында шәкірттерім жүлделі орындарға иеленіп жүр.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі