Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

«Байғанин ауданы: Жастар. Жаңа есімдер» жобасы

       Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы және «2019 –Жастар жылы» жариялануына орай Тәуелсіздік дәуіп\рінде теліміздің көркеюіне үлес қосқан, ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыратын, өңіріміздің мақтан ететін жаңашыл жастары мен жас тұлғаларын таныту мақсатында «Байғанин ауданы: Жастар.Жаңа есімдер» жобасы бастау алды.

Жаңбырбаева Айгерім Қанатқызы

      - Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы «КЭМЕН» универститетінің доктарантурасының «халықаралық корей тілі» мамандығының студенті.

      1993жылы 22 сәуірде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келді. 2000 жылы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің І сыныпқа барып, 2011 жылы «Үздік аттестатпен» бітірген. Сол жылы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Универститенінің «Шығыстану» факультетінің корей тілі бөлімінің студенті атанды. 2013-2014 жылдары Оңтүстік Кореяның Сhung-And универститетінде білімін жалғастырды. Универститетте оқып жүріп, өзінің таңдаған мамандығын жетілдіруде ТМД елдері студенттері арасында корей тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі І дәрежелі Дипломымен екі мәрте марапатталды.

      Өзіңің ізденімпаздық қабілетімен танылған А.Қ.Жаңбырбаеваның ТМД елдері студенттерінің корей тілінде жазылған мақалалар жинағына «Студенты об экономическом сотрудничестве Южней Корей и Казахстана», «Сравнение родственных обращений корейского и казахского языка» тақырыптарында ғылыми мақалары енген. 2015 жылы аталмыш универститетті бакалавр дәрежесі бойынша қызыл дипломмен тәмәмдады. 2015-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Korea Resources Korporation» корпарациясында менеджер аудармашы қызметін атқарды. Және осы жылы Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы «КЭМЕН» универститетінің грантын жеңіп алды. А.Қ.Жаңбырбаева аталмыш универститеттің магистратурасын тәмәмдап, қазіргі таңда доктарантурасында ғылыми бағытта білімін жетілдіруде .

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі