Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Төлеуғарина Әлия Сырымбетқызы

      1986 жылы 25 маусымда дүниеге келген. 1993 жылы №1 Қарауылкелді орта мектебіне барған. Оқушы кезінен белсенділік танытып, математика, қазақ тілі және биология пәндерінен аудандық олимпиадалардың жеңімпазы болған. 2003 жылы облыстық Кіші Ғылым Академиясында «Қарауылкелді тұрғындарының күнкөріс деңгейі» тақырыбымен 3-орынды иемденіп, Республикалық КҒА 2- орын алған. 2004 жылы үздік бағамен орта мектепті аяқтап, Алматы қаласы Абылай хан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінің қытай тілі филологиясы мамандығына түскен. 2006 жылы Білім министрлігінің «Халықаралық тәжірибе алмасу» бағдарламасы бойынша Қытай астанасы Пекин тілдер университетінде білім алады. Оқу жылын «Қытай тілінің деңгейлік емтиханын» 8- жоғарғы дәрежесіне қол жеткізіп, отанына оралады. 2008 жылы университетті тәмамдап, 2010 жылы Алматы қаласы Абылай хан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университетінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураны аяқтайды. 2011-2013 ж.ж. Алматы қаласындағы «Хэнь Ань Фэнь» қытай құрылыс материалдар компаниясында аудармашы қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап Алматы қаласы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде қытай тілінің оқытушысы қызметін атқарады.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі