Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

                                        

Құрметті оқырман! Құрметті сайт қонақтары!

«Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сі

сайтына хош келдіңіз!

       Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі пайдаланушының рухани жағынан дамуына, әлемдік және ұлттық мәдени-тарихи бағалы мұралармен танысуына, жеке адамның өзін жан-жақты жетілдіруіне алғы шарттар жасайтын еркін ақпарат кеңістігін құруға ықпал етуді іске асыруда.

       Кітапхананың басты міндеті-елімізде болып жатқан басты, елеулі оқиғалармен, еліміздің даму бағытын басшылыққа ала отырып, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде кітапхана қызметін сапалы ұйымдастыру, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, оқырман топтарына сапалы қызмет көрсету, көпшілік шаралардың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ауыл кітапханаларында «Туған жер», «100 есім» , «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары, кітапханалық «Бір ел-бір кітап» республикалық, «Оқитын өлке» облыстық оқу акциялары бойынша іргелі жұмыстар атқарылуда.

       Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 22-кітапхана, оның ішінде 1- орталық кітапхана, 8- жаңа үлгідегі модельдік, 11- селолық,2- балалар кітапханасы оқырмандарға рухани қызмет етеді.

       Жүйенің кітап қоры-245588 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде-165331 дана. 2018 жылы кітап қорына 5099 дана,( мемлекеттік тілдегі басылым -4595 дана) кітаппен толықты.14500 оқырманға - 320789 дана кітап берілімімен қамтылды.Кітапханаларда 40 аталымда мерзімді басылымдар алады.

      «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасының «РАБИС» электронды қор – 131845, сандық форматқа енген құжаттар саны - 333 құрайды, оның ішінде 89 дана кітап. 2018 жыл ішінде «QR Scanner» бағдарламасы - 29 дана кітап цифрлық форматқа енгізілді.

      Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап оқу - өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Бүгінгі кітапхана – ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы десек, біздің сайт өз оқырмандарымызға ғана емес, барлық пайдаланушыларға да ашық.

       Біздің мекен-жайымыз:

 

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы,
Барақ батыр көшесі,
№29 үй
Телефон: 8(71345)22 2 03, факс: 8(71345)23 1 35
E-mail: baiganinkitap@mail.ru

 
 
 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі